Қазақстанда 530 мың оқушы 1 қыркүйекте сабаққа барады

04 тамыз, 11:25
0 1

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 1 қыркүйектен бастап 157 мыңнан астам оқушы штаттық режимде білім алатынын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Зерттеу: Қазақстандық балалардың Қытай, Мексика, Сауд Арабиясындағы құрдастарына қарағанда әлеуеті жоғары

"1 қыркүйектен бастап оқу жылы қашықтан оқыту форматында басталады. Шалғайдағы ауылдық шағын мектептер штаттық режимде оқи бастайды. Бастауыш сынып оқушылары үшін ата-аналардың өтініші негізінде қатаң санитарлық талаптарға сай кезекшілік сыныптар ашылады. Бір кабинетте бір мұғаліммен сабақ береді", - деді Аймағамбетов үкімет отырысында.

 

Министр кезекші сыныптарға өтініштер электронды түрде қабылданатынын айтты.

"Алдын ала болжам бойынша, 2,6 миллион мектеп оқушысы интернет-платформалар мен теледидарды қолдана отырып қашықтықтан білім алады, 530 мың бала кезекші сыныптарда және 157 мыңнан астам оқушы штаттық режимде оқиды", - деп толықтырды білім және ғылым министрлігінің басшысы.

Сондай-ақ, ол мектепке дейінгі ұйымдарда ата-аналардың өтініші бойынша балалар кезекші топтарға қабылданатынын айтты.

"Тиісінше, бұл топтардағы балалар саны 15-тен аспауы керек. Балалар ата-аналарының өтініші бойынша сабақтарға қашықтықтан немесе жеке-жеке қатыса алады, сонымен қатар үйірмелерге, бес адамнан аспайтын шағын топтарға қатыса алады", - деп түсіндірді Аймағамбетов.

Ерекше қажеттіліктері бар ата-аналар мен балалар үшін онлайн режимінде консультация, жеке қабылдау формасы бойынша қабылдау болады.