Полиция басшысының анасын жерлеуге көп адам жиналды: Маңғыстаулықтар бас полицейдің қызметінен кетуін сұрады

04 тамыз, 11:24
0 1

Ақтаулық белсенділер облыстың бас полицейі мен санитарлық дәрігерінің қызметінен кетуін талап етуде. Оған облыстың бұрынғы полиция бастығының анасын жерлеу рәсіміне келушілердің көп болғаны себеп.

актау

Бұл туралы Астана арнасына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

 

Жерлеу рәсіміне карантиннің күшейтілгеніне қарамастан, жүздеген қала тұрғындары жиналды. Тәртіп сақшылары бұған көз қарады, тіпті жолды жауып тастады. Бұл тұрғындардың наразылығын тудырды. Әлеуметтік желілерде адамдар бір-біріне видео жіберіп жатыр.

«Оларға рұқсат, бізге жоқ» деген пікірлерін жіберді. Полиция басқармасының қазіргі басшысының сөзі де өртке май құйғандай болды. Бір күн бұрын ол қала тұрғындарын банкеттер мен той жасауға тыйым салуды қатаң сақтауға шақырды.

"Маңғыстау облысының полиция бастығы мен бас санитарлық дәрігер жұмыстан босатылуы керек. Бүгінгі іс-шараға қатысқан барлық лауазымды тұлғаларға қатысты қызметтік тергеу жүргізілуі керек. Осы адамдардың барлығына әкімшілік айыппұл салынсын, қызмет пен ұйымдастырушыларға тәртіптік жаза қолданылсын. Мен қаралы отбасыға көңіл айтамын, хаттама жасалып, барлық қарапайым азаматтар сияқты оларға да айыппұл салсын", - деді қоғам белсендісі Мұхтар Үмбетов.

Кейіннен аймақтың полиция өкілдері марқұмның туыстарының үстінен әкімшілік іс толтырылғанын мәлім етті. Олар 30 АЕК, яғни 83 340 теңгелік айыппұл арқалаған. 

"Аталған оқиға бойынша іс Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиялогиялық бақылау органдарына жіберілді. Марқұмның туыстарының сөзінше, жиналғандардың көбі олардың туыстары. Әлеуметтік арақашықтық сақталып, барлығы да маска киген", - деп мәлімдеді Маңғыстау облысының ПД өкілдері. 

Ақтауда ағайынды Аблазимовтардың анасы қайтыс болғаны белгілі.

Солардың бірі - Батыс Қазақстан облысы ішкі істер департаментінің басшысы, ІІМ генерал-майоры. Екінші - Forbes елдің ең ықпалды елу кәсіпкерінің тізімінде.