Алматы облысында жантүршігерлік жол апатынан екі адам көз жұмды

23 ақпан, 13:52
868

Алматы облысында жол көлік оқиғасы салдарынан жолаушы мен жүргізуші қайтыс болды, деп хабарлайды zakon.kz.

 

Алматы облыстық ПД бүгін, 23 ақпанда, таңғы сағат жетілер шамасында Алматы-Көкпек-Көктал тас жолында жол-көлік оқиғасы болды деп хабарлайды. Kia Rio көлігінің 34 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдың қарсы бетіне шығып, Іле ауданының 54 жастағы тұрғыны тізгіндеген Toyota Carina-мен соқтығысқан.

 

Апат салдарынан екі адам қайтыс болды: 1993 жылғы Kia Rio жолаушысы сол жерде қайтыс болды, Kia Rio жүргізушісі ауруханада көз жұмды.

 

Екінші көліктің жүргізушісі дене жарақаттарымен Еңбекшіқазақ ауданының ауруханасына жеткізілді.