Біздегі бар проблема – өзімізді өзіміз кемсітіп отырғанымыздан болып жатыр!

14 ақпан, 09:57
0 1

Қазақстан кезінде «ұлттар лабораториясы» атанып, елімізге әр жерден келімсектерді қойдай тоғытты. «Тың игеру» дейтін үлкен науқанда каторжниктерді, бәрін осында айдап әкелді де, жұмысқа салды. Сөйтіп олар қазақтың болмыс-бітімін өзгертіп, аз уақыттың ішінде қазақтан сәвет адамын жасап шығарды. «Қазақстанда бәленбай ұлт» тұрады дейтін сандырақ – сол кезден қалған, осы жердің иесі екенін кім екенін ұмыттырып, қазақты көп диаспораның бірі қылып тастау үшін ойлап табылған идеологиялық қулық болатын. Біз әлі солардың «шайнап» бергенін талғажу етіп, «Қазақстанда бәленбай ұлт тұрады» деп қоймай қақсап келе жатырмыз. Осыны қайта қарап, Қазақстанда бір-ақ ұлт – қазақ халқы ғана тұратынын, қалғандары кейін осында тағдыр айдап әкелген, әртүрлі жолмен азаматтық алып алған диаспоралар мен этникалық топтар ғана екенін ашық айтуымыз керек. Әлемдегі дамыған, өркениетті елдердің бәрінде де ұлттық мемлекет құрып жатыр. Мемлекеттің иесі екенін жорта ұмытып, өзін көп диаспораның бірі ғана қылып көрсетіп отырған біреуі жоқ. Біздегі бар проблема да осыдан – қазақты мемлекет құруға лайықсыз ұлт секілді көріп, өзімізді өзіміз кемсітіп отырғанымыздан болып жатыр!


Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан