Қазақстандық боксшы мексикалықты бір минутқа жеткізбей нокаутқа жіберді – видео

21 қараша, 13:30
0 1

Серік Мұсәділов пен Даниэль Нахераның жоспарланған алты раундтық жекпе-жегі 43 секундтан кейін аяқталды. "Панда" лақап атымен танылған жеңілмеген қазақстандық боксшы Серік Мұсәділов мексикалық қарсыласы Даниэль Нахераны 43 секунд ішінде нокаутқа түсірді.

Бокс кеші АҚШ-тың Флорида штаты Хайалиа қаласында өтті, деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстандық боксшы мексикалық Даниэль Нахерамен (9-5-1, 4 КО) қолғап түйістірді. Жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, алайда 43 секундта Мұсәділовтің жеңісімен аяқталды. Нокаутқа түскен мексикалыққа есін жию үшін орындық қажет болды.

Осылайша Серік Мұсәділов өзінің сегізінші жеңісіне қол жеткізді &ndash бүкіл жекпе-жегін нокаутпен аяқтаған.

Ал Даниэль Нахера кәсіпқой рингте алтыншы рет жеңілді.