Олимпиада ойындарының чемпионы коронавирус жұқтырды

01 тамыз, 19:37
0 1

Жеңіл атлетикадан Олимпиада ойындарының чемпионы оңтүстікафрикалық Уейд Ван Никерка коронавирус жұқтырып алды. Бұл туралы "Чемпионат" порталы "Чемпионат" басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

 

28 жастағы спортшы Тиесте (Италия) қаласында тест тапсырған. Бүгін ол осы қалада өтетін жарысқа қатысуы керек болатын.

 

Уэйд Ван Никерк - Рио-де-Жанейро қаласында өткен Олимпиада ойындарында 400 метрге жарыста топ жарды. Дәл осы дистанцияда ол екі рет әлем чемпион атанған.

 

Олимпиада ойындарының алтынын ол әлем рекордын жаңартып жеңді. Оның кқрсеткіші 43,03 секунд. Бұған дейін рекорд америкалық Майкл Джонсонға тиесіл еді. Ол 1999 жылы 43,18 көрсеткішімен рекорд орнатқан.

 

kaz.vesti.kz