ММА шебері жекпе-жек кезінде төрешіге тап берді (видео)

01 тамыз, 16:23
0 1

Әбу-Дабидегі UAE Warriors 12 турнирінде қызықты жағдай орын алды. Біріккен Араб Әмірліктерінен шыққан спортшы Ахмад Аль-Дармаки отандасы Богдан Кириленконы жеңіп тұрып, жеңісінен айырылып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ vesti.kz-ке сілтеме жасап.

 

Кездесу барысында Аль-Дармаки қарсыласын қылқындыру тәсілімен жеңген. Алайда қарсыласы жеңілгенін мойындаса да, ол Кириленконы дер кезінде жібермеген. Нәтижесінде кеш төрешісі Марк Годдардқа арласуға тура келген.

 

Дегенмен бұл Ахмадқа ұнай қоймаса керек, ол төрешінің өзін бірнеше мәрте итерген. Бұл жайттан кейін Ахмад Аль-Дармаки турнирден шеттетіліп, ал жеңіс Кириленкоға берілген.

 

ВИДЕО:  publish.twitter.com/