MMA файтері Ушу шеберін 30 секундта терең нокаутқа түсірді (видео)

20 мүмкін, 17:20
0 1

Аралас жекпе-жекпен (ММА) айналысатын 49 жастағы әуесқой файтер 69 жастағы тайцзицюань (Тай чи) шебері Ма Баогоны 30 cекундта нокаутқа түсірді, - деп хабарлайды Eurosport.

 

Мұның алдында 69 жастағы Ма Баого көпшілік алдында 30 жастағы UFC чемпионы Вэйли Чжанды (әйел файтер) нокаутқа түсіре алатынын айтып мақтанған. Алайда қайда осал қарсыласқа төтеп бере алмады.

 

Осылайша, бұрынғы бапкер және әуесқой файтер Ван Цинминь егде қарсыласын екі рет құлатып, соңғы соққысымен мүлде терең нокаутқа түсірді.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

Айта кетейік, Тайцзицюань - ушудың бір түрі саналатын, Қытайдың ішкі жекпе-жегі. Оның тарихы XVI ғасырдан басталады.