Фергюсон Гэтжимен өтетін жекпе-жегінің алдында коронавирусқа тест тапсырды

06 мүмкін, 15:18
0 1

ММА балуаны Тони Фергюсон 9 мамырда UFC 249 негізгі жекпе-жегінде Джастин Гэтжимен кездеседі.

 

Жекпе-жек коронавирустық пандемияға байланысты көрерменсіз өтеді.

 

Кездесу алдында Фергюсон COVID-19 тестінен өтті.

 

Айта кетейік, турнирдің барлық қатысушысы вирусқа тексерілуі керек.

 

Еске салсақ, бастапқыда Фергюсон Хабиб Нурмагомедовпен кездесуі керек еді. Бірақ Хабиб карантин енгізілгендіктен Ресейден ұшып кете алмады және турнирге қатысудан бас тартуға мәжбүр болды.

 

24.kz