"Тақтар ойынындағы" алып спортшы кәсіпқой бокс ережесімен жекпе-жекке шығады

05 мүмкін, 11:13
0 1

31 жастағы исландиялық спортшы әрі актер Хафтор Бьернссон кәсіпқой бокс ережесі бойынша жекпе-жек өткізбек, - деп хабарлайды sports.ru.

 

Бірінші жекпе-жек 2021 жылы өтеді, ал қарсылас британиялық стронгмен Эдди Холл болмақ.

 

"Бұл ресми. 2021 жылдың қыркүйегі, Лас-Вегас, Невада штаты. "Тау" айқасқа шығып "Айуанмен" арпалысады. Алдағы жарты жылда тек осы жекпе-жекке дайындаламын. Отбасым ринг-сайдта отырғанын көруге асықпын", - дейді Бьернссон.

 

Еске салайық, Бьернссон "Тақтар ойыны" телехикаясының төртінші маусымнда Григор "Гора" Клиганды сомдауымен танымал болды. 2015 жылы ол UFC жұлдызы Конор МакГрегормен спарринг өткізген.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch

 

2 мамырда Бьернссон 501 келі штанганы бітіміне тарта көтеріп, жаңа әлем рекордын орнатты.

 

kaz.vesti.kz