Конор МакГрегор коронавируспен күреске миллион еуро бөлді

26 марш, 09:20
0 1

Ирландиялық файтер Конор МакГрегор короновирустық инфекциямен күресу үшін Ленстер провинциясындағы (Ирландия) ауруханаларға 1 миллион еуро бөлді, деп хабарлайды Prosports.kz.

 

Спортшының айтуынша, аталған аймақ вирустан ең көп зардап шеккен өңір. Сондықтан дәрігерлерге науқастарды қорғауға және емдеуге қосымша құралдар қажет.

 

Бұған дейін МакГрегор коронавируспен күресуге және шекараларды толығымен жабуға шақырып, мәлімдеме жасаған болатын.

 

BAQ.KZ