Макгрегор Италия халқы үшін дұға жасады

23 марш, 21:51
0 1

Аралас жекпе-жектің аты әлемге белгілі жауынгері Конор Макгрегор Италия халқы үшін күн сайын дұға жасап, Иса Мәсіхтен көмек сұрайтынын айтты.

Ирландиялық спортшы бұл жайында өзінің Instagram парақшасында жазған.

«Қазір Италия ойымнан шықпайды. Мен күн құрғатпай әлемге көптеген таңғажайып дүниелер әкелген ұлы халықтың саулығы үшін дұға етемін. Бұл сәулет өнері мен дизайн, азпаздық өнер, сапалы өнімдер! Тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады. Италия мен оның халқы – осындай ғажайыптарды өмірге әкелген ұлт. Жаратқан Иса, Италия жұртын бүгіннен бастап бәле-жаладан сақтай көр!» деген спортшы өзінің жазбасында.

NEGE