Нұрсұлтандағы жарылыс: 30-дан аса адам жарақат алған

21 қараша, 16:44
0 1

Нұр-Сұлтан қаласы Шұбар ауданындағы кафеде болған жарылыс салдарынан түрлі жарақаттармен 33 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы денсаулық сақтау басқармасында жарияланды.

Олар толық тексерілуден өтуге және емделуге міндетті. Барлық медициналық көмекті бейінді мамандар, медициналық персонал толық көлемде көрсетеді. Қазір оқиға орнында 3 жедел жәрдем бригадасы кезекшілік етеді. Барлығы 103 қызметтің 22 бригадасы жұмылдырылды. 3 көлік зақымдалған.

 
​"Оқиға орнында жедел штаб құрылып, үйінділерді ашып жатыр. Тұрғындар мен зардап шеккендерге психологиялық және ақпараттық қолдау көрсету үшін Нұр-сұлтан қаласының ТЖД жедел желі телефоны 8-7172-24-51-71 және 8-7172-24-51-47 ашылды", - деп хабарлады ТЖД.

Оқиға орнында Апаттар медицинасы орталығы мен ТЖМ медициналық-психологиялық қызмет басқармасының 3 психологы жатыр. Қала әкімдігі мен Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды жылыту үшін автобус пен КУНГ машинасын жіберді.

Еске салсақ, бүгін сағат 12.25-те Нұр-сұлтан қаласы ТЖД кезекшілік-диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы кафеге қайта жабдықталған коттеджде газ баллонының жарылғаны туралы хабарлама келіп түскен болатын. Оқиға салдарынан бір қыз қайтыс болды.