COVID-19: 224 науқас ауыр халде жатыр

21 қараша, 23:14
0 1

Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса ауыр екен. 

Қазіргі уақытта коронавирустан 10 838 адам ем қабылдап жатыр

ҚР ДСМ баспасөз қызметі хабарлауынша, соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса ауыр екен.

«Олардың арасында 511 бала бар. Стационарларда 3 127 науқас жатыр. 7 711 адам амбулаториялық жағдайда емделуде. Жалпы науқастардың арасында 224 адамның ахуалы нашар. Соның ішінде 24 науқастың ахуалы аса қатты ауыр деп бағалануда. 23 науқас өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр», &ndash делінген ақпаратта.