Ұлтаралық жанжал туғызбақшы болған: Полицейлер қазақ ұлтына сөз тигізген Рудный тұрғынының соңына түсті

24 қыркүйек, 11:18
0 1

Әлеуметтік желіде қазақ ұлтына сөз тигізіп, видео жариялаған Рудный қаласының тұрғынының соңына полицейлер түсті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Наш Костанай" басылмына сілтеме жасап. 

рудныйлық

Желіде таралған видеода ер азаматтың өзге біреумен әңгімесі байқалады. Рудный тұрғыны халықтар жайлы айтып, арасында қазақ ұлты мен тілін балағаттағаны естіледі. Бұған қоса ол өзінің орыс екенін алға тартады. Дегенмен оның жанындағы ер адам керісінше, оның сөзін қолдамайтынын, кезінде қазақ жері басқа ұлттарға пана болғанын айтады. 

 

Айта кетейік, кейіннен желіде тағы бір видео пайда болыпты. Бұл жолы қазақтарға сөз тигізген ер азамат ел алдында кешірім сұрап, өзінің мас болғанын жеткізіпті. 

"Мен кінәмді мойындаймын. Егер жазалау керек десеңіздер жазалаңыздар. Мені кешіріңіздер", - дейді ер азамат. 

Полицейлер бұл видеоны көргендерін айтады. Қазіргі таңда күдіктінің кім екенін анықталып, оған қатысты қылмыстық іс қозғалған. Егер азаматтың кінәсі анықталса, Рудный тұрғыны жеті жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.