Мас болған: Ақтауда 15-тегі жасөспірім көлікпен әйел адамды үш рет басып өткен

23 қыркүйек, 14:32
0 1

Ақтауда 15 жастағы жасөсіпірім мас күйінде 58 жастағы әйелді үш рет басып кеткен деп хабарлайды   KAZ.NUR.KZ Lada.kz порталына сілтеме жасап.

 

Екі ай бұрын болған оқиғаны басылымға жәбірленушінің қызы Майина Агалорова айтып берген.

 

Агалорованың айтуынша, жасөспірім оның анасын үш рет басып кеткен. Соңғысында әйел көлік дөңгелегінің астында қалып қойған. Зардап шегушінің бес қабырғасы сынып, өкпесі тесіліп, байламдары жыртылған.

 

"Жүргізуіші бастапқыда қашып кетті, кейінірек оны құқық қорғау органдарының қызметкерлері ұстап алды. Оны әкелді, анасы кешірім сұра деді, одан алкогольдің иісі шығып тұрды", - деді қыз.

 

Оның сөзінше, аулада басқа да көліктер тұрғандықтан, жәбірленуші оның көлік айдауына ескерту жасаған.

 

"Ол ақылға қонымсыз әрекет етіп, оған қарай қарсы жүрген, аяғын басып, содан соң артқа беріп, тағы басқан және оны (жәбірленуші - ред.) көліктің астында қалдырып тағы басқан. Жақын маңда болған жігіт көмектескен. Ол жасөспірімді көліктен түсіріп, дөңгелекті анамның үстінен алған.

Мен бұл қылмысты жасаған тіршілік иесін қалай атауға болатындығын білмеймін, бірақ бұл жасөспірімнің істеген әрекеті бізге полиция айтқандай, әкімшілік бап бойынша емес, жазалануы керек", - деді Майина Агалорова.

 

Оның айтуынша, полицейлер автокөлік иесіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлаған.

 

"Кәмелет жасына толмаған адамға рөлді бергені үшін автокөлік иесіне қылмыстық іс қозғалды. Менің білуімше, ол баланың әкесі емес, анасымен бірге тұратын ер адам. Мені және менің отбасымды істің осылай өрбігені қанағаттандырмайды. Жасөспірімге көліктің кілтін берген адам жазасын алсын. Бірақ басып кеткен адам да заң бойынша жауап беруі керек. Анасы оқиға орнына жүгірген кезде ол небәрі 15 жаста болғандықтан, ұлына қауіп төніп тұрған жоқ деп айқайлады. Кәмелет жасына толғанша үш жыл қалды. Осы уақыт ішінде ол қанша адамда мүгедек етеді?", - деді жәбірленушінің қызы Майина Агаларова.