Алматыда алимент төлемегендердің көлігі тәркіленді

23 қыркүйек, 13:13
0 1

Қыркүйек айында төрт алматылық алимент бойынша қарыздары болғандықтан көліктерінен айырылды, деп хабарлады inAlmaty.kz қалалық Әділет департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 

Айыппұл тұрағына Mercedes Benz, Subaru Legacy және Toyota маркалы көліктер қойылды. Алимент бойынша жалпы қарыз 3 158 153 теңгені құрайды.

 

«Көліктер бағаланғаннан кейін аукционға шығарылады. Оларды сату арқылы алимент төленеді», - деп атап өтті департаменттің баспасөз қызметі.


 

24.kz