Қазақстанда отбасылық зорлық-зомбылық көргендерге заңгер көмек беретін болады: Жаңа заң жобасы қабылданды

23 қыркүйек, 12:01
0 1

Отбасылық, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимылға жаза қолдану заңнамасына өзгертулер енгізу туралы депутат Ирина Сергеевна мәжіліс отырысында мәлімдеді. Депутат заң жобасына үш өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Осы уақытқа дейін елімізде отбасылық зорлық-зомбылық жасалған кезде адамның еркіне қарай, қанша рет кешірім берсе де рұқсат етілген болатын. Алайда депутаттар бұл заңда бір реттен артық кешірім беруге болмайтын заң жобасын енгізуді ұсынды. 

 

"Отбасылық зорлық-зомбылық үшін жазаны қатаңдату туралы депутаттар ұсыныс тастады. Біріншіден біз отбасында зорлық-зомбылық көрсеткені үшін кешірім сұрап, татуласу мәселелерін басқа жолға бағыттағымыз келеді. Іс жүзінде зардап шеккендер біреудің басқысымен, қорыққаннан айыпталушыны кешіреді. Сондықтан біз заң бойынша жазалау мәселелерін өзгертуді қалаймыз", - дейді Ирина Сергеевна.

Оған қоса, заңгер қызметін тегін көрсету мәселесі талқыланды. 

"Сонымен қатар, отбасылық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге қорғаушы мен заңгер қызметін тегін ұсынуды жөн деп санаймыз. Сонымен қатар, отбасылық зорлық-зомбылыққа кәмелет жасына толмаған бала куәгер болатын болса, зорлық көрсеткен адам бала психологиясына әсер еткені үшін де жазаға тартылуын қалаймыз", - дейді.

Аталған заң жобасы бірінші отырыста мақұлданды.