Жұқпалы індеттен де қауіпті қатер

01 тамыз, 13:17
0 1

Ауа сапасы индексі ұйымының (AQLI) ғалымдары бүгінде күллі әлемді шарпыған COVID-19 жұқпалы індетіне қарағанда адам денсаулығына ластанған ауаның залалы әлдеқайда қатерлі екенін алға тартып отыр.

 

Бұл жайында Free News ақпарат көзі мәлім етті.

 

AQLI негізін қалаған Майкл Гринстоунның айтуынша, ластанған ауадан миллиардтаған адамның ғұмыр жасы қысқарып жатыр. Яғни, өмір сүру ұзақтығы кемуде.

 

Ал Times of India мерзімді басылымының хабарына қарағанда, ауасы қатты ластанған Үндістан мен Бангладештің кей аудандарындағы тұрғындардың орташа өмір сүру ұзақтығы бес жылға кеміген. Сондай-ақ, оңтүстік-шығыс Азия елдерінің де ауа сапасы сын көтермейді.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы келтірген дерек бойынша аталған аймақтағы 650 млн адамның шамамен 89 пайызы ауаның ластану деңгейі қалыпты мөлшерден бірнеше есе асып кеткен аудандарында өмір сүріп жатыр.

 

AQLI ғалымдары әлемнің әр түкпіріндегі ауа сапасын жақсартқан АҚШ пен Жапония елдерінің өзінде тұрғындардың өмір сүру ұзақтығын орташа есеппен екі жасқа кеміткен.

 

islam.kz