Ұлттық парк аумағына кіруге тыйым салынады

13 шілде, 21:54
0 1

14 шілдеден бастап ұлттық парк аумағына кіруге тыйым салынады.

 

Эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты және коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында Алматы әкімдігі 14 шілдеден бастап күшейтілген карантин режимі аяқталғанға дейін ұлттық парк, танымал туристік және тау нысандарына (Медеу, Бутаков, Алма-Арасан және т.б.) кез келген көлік түрімен кіруге тыйым салынатындығын хабарлайды. Сондай-ақ аталған аумақтарда келесі ережелерді қатаң ұстана отырып жаяу және велосипедпен серуендеуге тек жұмыс күндері рұқсат етіледі:

 

1. Өзімен бірге азық-түлік (сусыннан басқа) алып келуге, отырыстар ұйымдастыруға және от жағуға қатаң тыйым салынады;

2. Парк аумағында үш адамнан артық топтасуға болмайды;

3. Санитарлық нормаларды және әлеуметтік ара қашықтықты ұстану қажет (маска кию, адамдар арасында қашықтық сақтау).

 

Демалыс күндері (сенбі және жексенбі) Ұлттық парк аумағы келушілер үшін толығымен жабық болады.

 

Карантин шараларының сақталуын ТЖД, құқық қорғау органдары, СЭС және Ұлттық парк қызметкерлері бірлесіп қадағалайтын болады. Жоғарыда көрсетілген ережелерді бұзған азаматтар парк аумағынан шығарылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

 

Қала тұрғындарына карантин кезінде тауға бармауға кеңес беріледі.

 

BAQ.KZ