Медқызметкерлерді аза тұту күнінде далаға шығарды: Видео қазақстандықтардың наразылығын туғызды

13 шілде, 15:57
0 1

Желіде таралып, қызу талқыланып жатқан медқызметкерлерден құралған флешмоб акциясының видеосы халық наразылығын тудырды. Іc-шараға қатысты Шымкент қаласының әкімдігі мұны Денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ұйымдастырылмағанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Әлеуметтік желіде видеосы тарап жүрген ақ халаттылардың қатысуымен өткен іс-шара Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасы тарапынан ұйымдастырылмағанын ресми түрде мәлімдейміз. Бейне-роликтегі туберкулез диспансері Түркістан облыстық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарасты мекеме болып табылады", -деді қала әкімігінде.