ДДҰ: Карантиндік шектеулерді алуға әлі ерте

22 мүмкін, 05:35
0 1

Дүниежүзілдік денсаулықсақтау ұйымы (ДДҰ) коронавирустың екінші толқыны келеді деп есептейді. Бұл туралы «Россия 24» арнасының эфирінде ДДҰ өкілі мәлімдеді.

«Бірінші толқын өткен жерлердің бәрінде екіншісі де болатынын ескертеміз. Халық мұны түсіну керек, қауіптің беті қайтқан жоқ, қатер әлі бар, – дейді ДДҰ Ресейдегі өкілі Мелита Вуйнович.

Вуйнович осыған байланысты коронавирусқа қатысты енгізілген карантиндік шектеулерді алып тастауға әлі ерте дейді. Қазіргі алынып жатқан шектеулер мен босаңсулар өлім көрсеткішінің көбеюіне әкеліп соғуы мүмкін.

ДДҰ өкілі бұған дейін де көпшілік халықта коронавирусқа қарсы иммунитет жоқ болғандықтан пандемияның екінші толқыны міндетті түрде болатынын айтқан.

Айта кету керек, Қазақстанда соңғы тәулікте 265 коронавирус инфекциясын жұқтырған науқас анықталып, вирус жұқтырғандар 7234 адамға жетті. Қайтыс болғандар саны – 35.