Алматыда 10 жастағы қыз балаға тиіскен күдікті іздестіріліп жатыр

21 мүмкін, 17:22
0 1

Оңтүстік астананың тәртіп сақшылары кәмелет жасына толмаған қыз баланы сайға қарай шақырған ер азаматты іздестіріп жатыр. Бұл туралы ақпаратты оқиға куәгері әлеуметтік желіде хабарлады деп жазады KAZ.NUR.KZ  порталы.

 

Instagram желісіндегі "kris_p_online" тобында ер азаматтың суретімен жазба жарық көрді.

 

Онда автор бұл адамның 10 жастағы қызды сайға қарай шақырғанын айтты. Ол оқушының жанында бөтен ер азаматтың тұрғанын жұмысынан үйіне қайтып келе жатқанда байқаған. Cодан көрші қыз баланың қасына барып, ер адамды танисың ба деп сұраған көрінеді. Оқушы танымайтынын, одан жай жол көрсетуді өтінгенін айтыпты.

 

Баланың жауабын естіген алматылық әлгі ер адамнан қайда баратын жолды іздегенін сұраған. Ол болса, "Пятилеткаға" баратын бағытты таппай жүргенін жеткізіпті. Автор жолды көрсетіп жіберген соң, бөгде еркектің жүріп кеткенін, 15 қадамдай аттағаннан кейін артына қарағанын жазды.

 

Оның сөзінше, біртүрлі ер адам қайта келіп, 10 жастағы қыз баламен сөйлесе бастаған. Қала тұрғыны бөгде ер азаматтың жанына екінші рет барып, "баланы жайына қалдырып, өз жолымен кетуін" талап еткен. Осы кезде автор оны суретке түсіріп үлгеріпті.

 

"Жол таппай жүрген жан" кеткен соң ол кішкентай көршісіне бөтен адамдармен сөйлеспеу керек екендігін түсіндірген. Қыз бала авторға ер адамның қасынан тезірек кетуге өзі де асыққанын, алайда ол көп нәрсені сұрай беріп, жібергісі келмегенін айтқан.

 

Сонымен қатар, Алматы қаласының тұрғыны, бөгде азамат мектеп оқушысын сайға қарай шақырғанын айтты. Автор бұл туралы ертерек білгенде оны ұстап алуға тырысатынын жеткізді.

 

Осы орайда, полиция департаменті куәгер айтқан күдіктіні іздеп жатқанын, бұл іспен Жетісу ауданының тәртіп сақшылары айналысып жатқанын мәлім етті.