Алматыда қоғамдық көлік 19:00-ге дейін жүретін болды

25 марш, 23:21
0 1

26 наурыздан бастап Алматыда қоғамдық көлік кешкі 19:00 дейін жүретін болды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

Сарапшылар жүргізген талдауға сәйкес, қоғамдық көліктегі жолаушылар ағыны 70%-ға төмендеген. Осыған байланысты төтенше жағдай режімін қамтамасыз ету жөніндегі Алматының жедел штабы қалалық автобус маршруттары мен метроның жұмыс уақытын қысқарту туралы шешім қабылдады.

 

Сонымен, қаладағы қоғамдық көлік сағат 06:00 мен 19:00 арасында жұмыс істейді.

 

Айта кетейік, бұған дейін жолаушылар ағынының айтарлықтай төмендеуіне қарамастан, қала тұрғындарының еркін қозғалуы үшін автобустар жұмыс істеуін жалғастырған болатын.

 

Қалааралық және қала маңындағы маршруттардың жұмысы тоқтатылды.