Якутияда антисептикті ішімдік ретінде ішкен 7 адам көз жұмды

22 қараша, 01:05
0 1

Үш адам отырыстан соң бірден мерт болған, қалған төртеуі кеше ауруханада көз жұмды.

Сараптама антисептик құрамында 69 пайыз метанол спирті болғанын анықтады деп хабарлады paryz.kz korrespondent.net-ке сілтеме жасап.

Якутияның Таттинск ауданының тоғыз тұрғыны антисептикті ішімдік ретінде пайдаланған. Үш адам отырыстан соң бірден мерт болған, қалған төртеуі кеше ауруханада көз жұмды.

Мәлім болғандай, 5 литр көлеміндегі антисептикті олар Томтор ауылындағы дүкеннен сатып алған. Тергеу амалдары кезінде құрамында метанол бар осындай антисептик Якутияның тағы екі ауданының дүкендерінде сатылатын болып шықты. Роспотребназдор 200 литр өнімді сатылымнан алып тастау жөнінде бұйрық шығарған.

Метанол спирті ішуге арналмаған. Оның 30 миллилитрі адам ағзасы үшін ажал құштыратын доза. Ресейдің тергеу комитеті оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғады.