Коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны артты

17 қазан, 14:41
0 1

Өткен тәулікте республикада коронавирус пен COVID-19 белгісі бар пневмониядан тоғыз адам қайтыс болды. Бұл туралы елдің денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Пневмония туралы мәліметтер
Өткен тәулікте пневмонияның 158 жағдайы тіркеліп, төрт науқас ауру салдарынан қайтыс болды.

Жалпы, 1 тамыздан бері елімізде 35 717 жағдай тіркелсе, 28 165 науқас сауығып шығып, 380 адам қайтыс болды.

Коронавирус туралы мәліметтер
Қазақстанда соңғы бір тәулік ішінде 100 адам коронавирус індетін жұқтырып, 5 адам қайтыс болды.

Қазіргі уақытта 2 593 адам, оның ішінде 125 бала коронавирустық инфекциядан емделіп жатыр. Ауруханаларда 1 995 науқас, амбулаториялық деңгейде 598 пациент ем қабылдауда. 80 адамның жағдайы ауыр, 13-і өте ауыр және 12 науқас жасанды тыныс алдыру аппаратына қосылған.

Оқи отырыңыз: Иттер коронавирусты иіс арқылы анықтауға үйретілуде &ndash фото

Айта кетейік, республика бойынша індет жұқтырған адамдардың саны 109 302-ге жетті. Оның ішінде 104 921 науқас айығып шығып, 1 768 адам қайтыс болды.

Әрі қарай оқу: https://sputnik.kz/society/20201017/15224722/Koronavirus-pnevmoniya-qaytys-bolandar.html