100-ден астам жолаушысы бар ұшақ тұрғын үйге құлады (видео)

22 мүмкін, 17:18
0 1

Бүгін, 22 мамырда Пәкістанның оңтүстігіндегі Карачи қаласында әуе апаты болды. Белгілі болғандай бортында жолаушылары бар ұшақ тұрғын үйге құлаған деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 

Geo News телеарнасының Азаматтық авиация басқармасындағы дереккөзге сілтеме жасап хабарлауынша, жолаушылар ұшағы қонауына аз уақыт қалған кезде әуежай маңында апатқа ұшыраған.

 

Кейін әуе тасымалдаушының өкілі бұл ақпаратты растаған. Ол 90 жолаушысы болған Airbus A320 ұшағы құлағанын жеткізген.

 

Желіде оқиға орынан фото-видео жазбалар тарап кетті.

 

ВИДЕО:  www.youtube.com/watch