АҚШ-та 15 жастағы қазақстандықты атып кетті

22 мүмкін, 09:51
0 1

Америка елінің Шарлотт қаласында күндіз 15 жастағы қазақстандықты атып кетті, деп хабарлайды   Oinet.kz  тілшісі.

 

Бұл туралы Charlotte Observer басылымы жариялады. Жеткіншекті ұрылар атып өлтірген.

 

Роман есімді қазақстандық BMW автокөліктерін сатып алып, оларды жөндеп, қымбатқа сатумен айналысқан екен.

 

Қаскөйлер Романды 16 жасына толуына бір ай қалған кезде өлтіріп кеткен. Оқ жарақатын алған бозбала көп ұзамай ауруханада қайтыс болды.

 

Полицейлер 18 жастағы күдіктіні қолға түсірген. Роман отбасымен бірген АҚШ-қа 2014 жылы Семейден көшіп барған. Ол жанұяның үлкен баласы екен.

 

Жергілікті тұрғындар марқұмның жерлеу рәсімдеріне шығынына 41 мың доллардан астам ақша жинапты.