Африкада пілдер жаппай қырылып жатыр

21 мүмкін, 20:02
0 1

Африкада пілдер жаппай қырылып жатыр. Ботсвана билігі 12 пілдің қырылуына қатысты тергеу бастады, - деп хабарлайды CTVNews.

Дереккөз мәліметінше, бұл елде әлем бойынша пілдер саны ең көп екен. Мұнда шамамен 135 000-нан аса піл өмір сүреді.

Осыған дейін браконьерлердің 2017-2018 жылдары шамамен 400 пілді өлтіргені айтылған болатын. Ал 2019 жылдың қазанында Ботсванада 100-ден аса піл қырылған екен. Кейбір зерттеу қорытындысы пілдер қуаңшылықтан қырылғанын көрсеткен.

 

kaz.tengrinews.kz