Коронавирустан көз жұмған анасының жанында кішкентай бала 16 сағат бойы отырған

26 марш, 15:56
0 1

АҚШ-та кішкентай бала коронавирустан қаза тапқан анасының мәйіті жанында шамамен 16 сағат болған, деп хабарлайды kaz.zakon.kz.

 

РИА Новости хабарлағандай, 42 жастағы маммолог дәрігердің өлі денесі үйінен табылды. Марқұмнан алынған COVID-19 талдауы оң нәтиже берді. Алдын ала мәліметтер бойынша, полиция кісі өлімін анықтағанда дейін әйел 12-16 сағат бұрын көз жұмған. Осы аралықта оның жанында төрт-бес жасар баласы болған.

 

Қазір қайтыс болған дәрігер жұмыс істеген аурухана онымен байланыста болған барлық қызметкерлер мен науқастарды хабарласып, анықтап жатыр.

 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19 індетін пандемия деп жариялады. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 414 мыңнан астам адам бұл ауруды жұқтырған, 18 мыңнан астамы қайтыс болған.