Шешенстан басшысы 23 жастағы бауырын спорт министрі етіп тағайындады

14 ақпан, 14:40
0 1

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров жиені Хамзан Қадыровты дене шынықтыру және спорт министрі етіп тағайындады. Бұл ақпаратты республика басшысы Instagram және "Вконтакте"-дегі парақшасында айтты.

 

23 жастағы Хамзан Қадыров бұған дейін Шешенстандағы Курчалов ауданын басқарған. Мемлекеттік басқару саласында білімі бар. Ол - Рамзан Қадыровтың қайтыс болған ағасы Зелимхан Қадыровтың ұлы. Ресейлік басылымдарға берген сұхбатында Шешенстан басшысы жиенін балаларынан да қаттырақ жақсы көретінін және балаларына қарағанда соған көбірек жағдай жасайтынын айтқан.

 

Рамзан Қадыровтың немере ағасы Турпалали Ибрагимов бірнеше күн бұрын Хамзан Қадыров Қауіпсіздік кеңесінің басшысы болып тағайындалды деп хабарлаған, бірақ кейінірек жазбасын өшіріп тастады.

 

Жақында Қадыровтың тағы бір жиені Ибрагим Закриевтің республика басшысы әкімшілігі мен Шешенстан үкіметінің жетекшісі болып тағайындалғаны белгілі болған.

 

2017 жылы Рамзан Қадыровтың үлкен қызына үйленген 23 жастағы Висхан Мацуев 2019 жылы желтоқсан айында Шешенстанның ішкі істер министрлігінің көші-қон басқармасының жетекшісі болды.

 

azattyq.org