Қазақстанда жаппай вакцинацияға дайындық қалай жүргізіліп жатқаны айтылды

13 қаңтар, 18:52
661

Вакцинацияға дайындық туралы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрағасы орынбасары Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жұмыс тобы шприцтерді дайындау, логистика, тасымалдау және сақтау мәселелерін пысықтайды.

 - Қазір "СК-Фармация" вакциналарды үлкен көлемде орналастыруға болатын 4 ХАБ дайындады.

- Денсаулық сақтау басқармалары мен "СК-Фармация" қоймалары арасындағы байланыс пысықталды.

- Вакциналарды жүргізу, сақтау және тасымалдау бойынша әдістемелік ұсыныстар әзірленуде.

- Жоспарланған көлем бойынша шприцтер қоры дайындалды.

 Stan.kz