Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәлімет 4 цифрға негізделеді

01 тамыз, 18:39
0 1

Коронавирусқа қатысты жаңартылған мәліметтер төрт цифрға негізделеді. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Егер бірінші код бойынша бәрі анық болса, екінші жағдайда коронавирусқа бірнеше белгілер бойынша диагноз қою керек, олар: эпидемиологиялық және клиникалық белгілер. Эпидемиологиялық белгілер - пациент ауру жұқтырған адамдармен нақты байланыста болған кезде, клиникалық белгілері - дене қызуы, құрғақ жөтел. Біз ел бойынша жиналған мәлімет 2 тамыздан бастап күнделікті ұсынып отырамыз. Мәліметтер төрт цифрға негізделеді. Бірінші көрсеткіш - коронавирус ПТР сынағымен расталған пациенттер, екіншісі - өлім жағдайлары, үшіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген ықтимал ауырған пациенттер, төртіншісі - ПТР сынамаларымен дәлелденбеген бірақ өлім нәтижелері көрсеткен жағдайлар», - дейді ол.

 

Еске салсақ, Бағдат Қожахметов жаңартылған коронавирус статистикасы 2 тамызда жарияланатынын айтты.