Қазақстанда коронавирусқа қарсы қандай дәрілер қолданылады

22 мүмкін, 00:51
0 1

Бүгінде коронавирусты емдеу бойынша арнайы хаттама бар. Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрігер енгізілді

"СК-Фармация" ЖШС төрағасы Берік Шәріп коронавирус жұқтырған науқастарға қандай дәрілердің берілетінін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде COVID-19 емдеу үшін вирусқа қарсы бірқатар препарат бар. Соның бірі - "Алувиа". "Лопинавир" да бар. Оны "Ритонавирмен" бірге қолданады. Осы препараттарды ВИЧ-инфекциясы бар науқастардың вирустық жүктемесін азайту үшін де қолданып отырады", - деді Шәріп бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, бүгінде коронавирусты емдеу бойынша арнайы хаттама бар. Оған Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған дәрігер енгізілді. Биыл ақпан айында "СК-Фармация" компаниясы "Алувиа" препаратының 10 мың данасын сатып алған. Себебі оны вирусқа қарсы кеңінен пайдаланады. Онымен бірге "Гидросихлорохин" мен "Хлорохинфосфат" жеткізілді.

"Қазір "Фавипиравирді" де алып келдік. Осы препараттың барлығы клиникалық хаттамаға сай қолданылады. Денсаулық министрлігі тарапынан "Ремдесивир" препаратын алып келуге өтініш болған. АҚШ-та оны клиникалық зерттеуден өткізіп жатыр. Бұл дәріні әлі тәжірибеден өткізуде. Ол әлі сатылымға түскен жоқ. Басқа препараттардың барлығы бізде бар", - деп атап көрсетті Шәріп.

Компания басшысы коронавирусқа қарсы препараттардың гуманитарлық көмек ретінде жеткізілгенін де айтты. Мәселен, Жапониядан "Фавипиравирдің" 12 мың таблеткасы жіберілді. Бұдан бөлек, отандық "Абди Ибрахим Глобал Фарм" компаниясы Түркиядағы әріптестері арқылы "Хлорохинфосфаттың" 100 мың таблеткасын алып келді. Sandoz компаниясы да "Гидросихлорохин" дәрісінің біраз бөлігін жеткізді.