Қазақстан екі науқас коронавирустан жазылып шықты

25 марш, 18:31
0 1

Бұл туралы ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев баспасөз мәслихатында айтты.

 

Ол мұндай нәтижеге дәрігерлердің жанкешті еңбегі арқасында қол жеткізілгенін атап өтіп, Үкімет пен тұрғындардың атынан алғыс білдірді.

 

Дейтұрғанымен, екі емделуші де әлі дәрігерлердің бақылауында болады. Дерттен құлан таза айыққандарына көз жеткізу үшін қорытынды сынамалар алынады деді министр.

 

24.kz