Ондай «патриотизм» маған жарымжан, шала туған біртүрлі патриотизм сияқты болып көрінеді

11 сентября, 09:36
0 1

Қай ортада өссең, өле-өлгенше сол орта көзіңе жылұшырап тұрады екен. Марғұлан Сейсенбайдың кешегі постына жыпырлатып лайк басып жатқан көп адам оны байқаған жоқ. Ондай сөзге көз үйреніп кеткені соншалық, қоғамдағы ең үлкен қауіпті елеуден қалып барамыз. Мәкең де өзі өскен ортаның мақамымен ол постта бүй деп жазыпты: «Я за многонациональность Казахстана. Я считаю многонациональность укрепляет нашу государственность, обогащает нашу культуру, быт, традиции. Очень сильно помогает экономике. Я это вижу и в быту и на всех своих предприятиях. Считаю необходимым в будущем, каждому казаху знать не менее трёх языков». Марғұлан Сейсенбайды осы уақытқа дейін қысым көріп жатқаны үшін қолдап келіп едім. Мына жазбасынан кейін оның да әуселесі белгілі болды. Қазақстанның көпұлтты емес, бір ұлтты унитарлы мемлекет екенін, біздің бар проблемамыз «Қазақстанда жүздеген халық тұрады» деп қақсап келген адасқан идеологиядан шығып жатқанын түсінетін уақыт болды ғой. Кім, кеше тағы бір кісі қазақты орыстілді-қазақтілді деп бөлмеу керектігін, бәріміз жұмылған жұдырықтай болып жүруіміз керек екенін жазыпты. Былай қарасаң, сырты жылтыр әп-әдемі сөз. Астарына үңілсең, қазақтың орысша сөйлегеніне бас қатырма, сөйтіп орысша сөйлесіп жүре берейік деп былжырап отыр. Арасында патриоттары бар шығар, жалпы мен орыстілді қазақтан ұлтын шын сүйетін нағыз патриот шығатынына аса сенбеймін. Ондай «патриотизм» маған жарымжан, шала туған біртүрлі патриотизм сияқты болып көрінеді. Егер ұлтына жаны ашыса, ол адам алдымен өз тілінде сөйлеп үйренетін еді. Қазақты қазір ең алдымен сол орысша сөйлейтіндердің өздері бөліп отыр!

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан