Біздің қайраткерлер шеттерінен мінезсіз

10 сентября, 11:38
0 1

Қазаққа мәдениет туралы орысша трактат па тағы?.:) Осының өзі бір айна. Орысша ойлап, орысша жазып отырып ұлтым деп ұлығанға қасқырдың өзі қарқылдап күлетін шығар. Қоғамның сөзін айту қос тілде қақсау емес. Өз тіліңде сөйлеу ұстаным, бағыт, беталыс. Биліктен аумайтын биліктің шынжырлы сыншылары десе, талақтары тарс айырылады. Бірақ бәрі ту ұстап топ бастығы келеді. Сөйте тұра құйрығымен ізін жасырған түлкідей жалпылама жақсы мемлекетшіл сөз айтып, жаңбырдан құрғақ шығып, ертең тағы саяси желдің ығына отыра қалып "халқым-ау" деп бұрынғы бақсылардай сарнай жөнелмек. Мұндай қайраткерлер көгертпейді, шырмауықтай қоғамның адымын аштырмайды. Бөкейхановтың "Ұлтқа қызмет ету білімнен емес, мінезден" дейтіні сол. Біздің қайраткерлер шеттерінен мінезсіз. Сосын ғой көбіктей қалқымалы келеді.

Өміржан Әбдіхалықұлы
Фейсбуктегі парақшасынан