Мәшине ұтасың деп мүләйімсиді де отырады

09 сентября, 13:21
0 1

20 жыл бұрын, экономикалық жағдай қиындау кезде қулар лохотрон ойлап тауып еді, арзан мәшине алып, ауылға апарып лотореяға ойнататын, билет 2-5 мың аралығы. Тез өтуі үшін магнитофон, кілем-сілем сияқты ұсақ-түйек қосады. Ел қырылып алады. 198... жылғы "АУДИ-80" бәленбай мың доллар әкеледі. Жаңағыны ұтып алған ағамыз екі-үш ай өтпей май-май боп жүреді. "Лоторея" бас-аяғы үш-төрт аптада өтіп, бітуші еді. Сол заман қайтып кепті, диск типтес "лотореяны" әншілер "ойнатып" жатыр. Бірақ, өңештері кең бе, дискілері тым көп пе аяқталар түрі жоқ. Мәшине ұтасың деп мүләйімсиді де отырады. Димаш жарқ етіп бір жасқады, фонограммаға тыйым деп тағы ыңырсытты, жағдайлары шынымен мәз емес-ау...

Serik Abikenuly
Фейсбуктегі парақшасынан