Көшеден-ақ үйреніп кететін тілді тықпалап, баланың миын ашытпау керек...

06 сентября, 19:42
0 1

Мектеп бітіргеннің бәрі кейін оқуға түспейді ғой. Малшы, жалшы болып, базарда істеп, таксист болып кететіндер де көп. Шет тілі – оқуға түсетін, карьера қуалайтын адамдарға ғана керек. Сондықтан оны университеттен бастап оқыту керек. Қазір мектепті ойына келгенді істейтін сынақ алаңына айналдырып алды. Мектеп – қазақ тілін оқытатын, мемлекеттік тілді насихаттайтын (популяризациялайтын) идеологиялық орта ғана болып, мектепті бітіргендер ең алдымен қазақша сөйлеп, қазақша сауатты жаза алатындай болып шығуы тиіс. Оған көшеден-ақ үйреніп кететін орыс тілін, қытай тілі мен ағылшын тілін тықпалап, баланың миын ашытпау керек...

Жолымбет Мәкіш
Фейсбуктегі парақшасынан