Құранды догмалық ойларға арқау қылып, түсіне алмай «адасып» жүрміз

04 сентября, 13:26
0 1

Мына суретке қарап, басында түсініңкіремей... күлдім... ойланып қалдым...
Кейін қарасам, әзіл де болса, шындық!
Орта ғасырларда Еуропа ренессансын жасаған мұсылмандар, не себепті артта қалды? Ғылымы озық елдер жасушаларға үңіліп, ұзақ жылдар зерттеу жасап, маңдай терін сүріп тұрып «жаңалық аштым» деп сүйіншілесе, біз «Сол ма тапқаның? Оны әлдеқашан осыдан 14 ғасыр бұрын Құранда айтып қойған» деп мұрын шүйіреміз.
Сонда Алла Тағаланың қолымызға ұстатқан мәңгілік #мұғжиза #Құран кәрімнің кереметін паш етуге не кедергі? Қайта біз Құранды догмалық ойларға арқау қылып, түсіне алмай «адасып» жүрміз.
Адам баласын Алланы, Оның жалғыздығын, яғни таухидқа жетелейтін бір жол ол – ойлану. Ал ол ақыл арқылы іске аспақ. Құран Кәрімнің «Әли Имран», «Әнғам» сүрелерінде «Ойланбайсыңдар ма?» десе, «Бақара», «Хұд» және «Жүсіп» сүрелерінде «Ақылға салмайсыңдар ма?» деген аяттар кездеседі. Әрбір адам ақылын дұрыс қолданса, ақиқатты табады. Өйткені күллі жаратылыстағы адамға тән артықшылық − оның ақылдылығында. Яғни адам баласы ақылын қалай қолданса, сондай нәти жеге қол жеткізеді. Осы орайда, исламдағы теріс ағымдардың негізгі ұстанымы адамдарды ойланудан «сақтандырып», өздерінің идеологияларына бағынышты етіп, не айтса, соған еріп кете беретін «зомби» етіп өздеріне ноқталап қою. Бұл мұсылман әлемінің кері кетуіне бірден бір фактор. 

Aisha Kenesbai
Фейсбуктегі парақшасынан