Бізде жылына 2000-ға жуық қаракөз қарындасымыз бен 1000-ға жуық сәби табанға таптала ма?

16 августа, 10:45
0 1

Құқық қорғаушы: ҚАЗАҚСТАНДА КҮНІНЕ БЕС ҚЫЗ, ЕКІ БАЛА ЗОРЛАНАДЫ.

Бізде жылына 2000-ға жуық қаракөз қарындасымыз бен 1000-ға жуық сәби табанға таптала ма? Бұл тек құқық қорғау мекемелеріне түскен санақ. Ал, намыстан, ұяттан өртеніп, жабулы қазан жабулы күйінде қалғаны бұдан аз емес шығар... Біз осындай елміз бе? 18 миллион ғана жан саны бар ел үшін бұл жан түршігер мәлімет емес пе?! Айналамыз қылмысқа, арсыздыққа, аярлыққа толы қоғамда өмір кешіп жатыр екенбіз ғой. Осыдан соң қай ата-ана алаңсыз, үрейсіз ғұмыр кешеді?..
Жаңа үкіметке алдағы сын, сынақ - осы!
"Барлық қылмыстың түп-атасы - кедейлік"

Қайсар Қауымбек
Фейсбуктегі парақшасынан