Қоғамның бәрі тоқтайтын бір ой, жүйелі іс жоқ

14 августа, 12:58
0 1

Біздің азаматтық қоғамдағы бір артықшылық - ел өзгерісті қалайды, оған деңгей өсіп жетілді. Бірақ осыны қалай іске асыру керек деген сұраққа келгенде қоғамның бәрі тоқтайтын бір ой, жүйелі іс жоқ. Негізі оны іске асыратын саяси партиялар мен партиядағы политтехнологтардың сауатты жұмысы болуы керек. Бізде ол жоқ. Ал, саясаттануды бітірген маман көп бірақ елге жол сілтеуге, ойын ашып турасын талдап жазатын мамандар аз. Байқасаңыздар журналистер, тарихшылар, филологтар мен басқа сала мамандары жазып жатады. Бірақ жазбалары "Мынау дұрыс емес", "Жүйе нашар", "Өзгеріс керек" дегеннен әріге аса алмайды. Былай қарасаң өзгеріс керек екенін бәрі біледі. Айта-айта қайталай беру де жауыр болды. Ал, осыны мемлекетті де сақтап, халықтың қалауында орындайтын іске асыру жолын, тетіктерін негізі азаматтық қоғамның, саяси партияның политтехнологтары жазуы керек. Бірақ бәрі үнсіз. Жазса да "Мынау қате", "Анау дұрыс емес" дегеннен аса алмай, жанамалап өтеді. Әлгі "91" тобының "Бәрі біледі. Бірақ ешкім үндемейді" деген әні біздің қоғамдағы әттеген-айды дәл басып айтқан.

Bauyrzhan Serikbayev
Фейсбуктегі парақшасынан