Байғұс қазақ, тұрмыста да, саясатта да күңкілден аса алмай қалып қоясың ба деп қорқамын...

01 августа, 11:26
0 1

Осы фотоға көзім түскен сайын ойым сан саққа жүгіріп кетеді. Бұл фотодағы бер жақтағы екі қара жұпқа айтар сөзім жоқ. Оларға айтылмаған сөз қалмаған шығар. Менің айтайын дегенім осы екеуінің ар жағында қол жайып тұрғандар туралы айтар бірер сөз.
Бұлар қыздың ағайындары болуы керек... Қол жайып бата қайырып тұр... Мына жерде дым болмағандай... Бірақ мен білсем, осылардың өздері ақ пыш - пыш... Той біткенше пыш - пыш сөз етеді, біткеннен соң үйде де сол... Ол енді солай бізде... Өздері ақ өсектеп болады. Күңк - күңк, пыш - пыш... Өсек - аяң, "ибәй негір күйеу бала..."..."Сәтіш апымдар масқара болды", "Бөкеш көкем сыр бермейді ғойе, бірақ іштей, қайтсін енді...","ұят иә?," айтпа"... пыш - пыш сөз, сырттай өсек...
Мысалы, таулы кавказда осындай сурет болуы мүмкін ба еді деп те ойлаймын... Бір қисық мұрт қанжарын асынып.... "қызымды, я қарындасымды зәңгіге бергенше мен оны..." деп..... Олар бетке былш еткізеді, көзінше қол жайып, сырттай өсектеу жоқ ау соларда...
Мені де, кавказдықты да жабайы дейсіз бе, өзіңіз білесіз, бірақ ол ана халықтарда солай енді.
Байғұс қазақ, тұрмыста да, саясатта да, басқа біраз жерлерде де осылай пыш пыштап күңкілден аса алмай қалып қоясың ба деп қорқамын...

Олжас Әбіл
Фейсбуктегі парақшасынан