Әлем барысы: Руслан Әбдіразақов жарыс жолынан шығып қалды

02 декабря, 15:49
0 1

"Балуан Шолақ" спорт сарайында өтіп жатқан қазақ күресінен "Әлем барысы" чемпионатында "Алматы барысы" Руслан Әбдіразақов жарыс жолынан шығып қалды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

 
 
Руслан Әбдіразақов. Фото: almatysports.kz

Руслан Әбдіразақов. Фото: almatysports.kz

"); border-radius: 2px; display: flex; -webkit-box-align: center; align-items: center; height: 32px; background-size: 18px; background-position: 11px 50%; opacity: 0.8;">Рассказать Вконтакте

Тартысты белдесуде Руслан Әбдіразақов Моңғолия елінен келген қандасымызға есе жіберді.

Айта кетейік, IV "Әлем барысына" 30 елден келген 33 балуан қатысуда. Атап айтқанда, дүбірлі додада АҚШ, Австралия, Әзербайжан, Бразилия, Грекия, Грузия, Үндістан, Иран, Испания, Италия, Камерун, Конго, Корея, Куба, Қырғызстан, Литва, Моңғолия, Нидерланды, Пәкістан, Польша, Ресей, Словения, Тәжікстан, Түрікменстан, Түркия, Өзбекстан, Украина, Эстония, Жапония спортшылары бақ сынауда.

Еске сала кетейік, Алматының "Балуан Шолақ" спорт сарайында өтіп жатқан қазақ күресінен "Әлем барысы" чемпионатының алғашқы белдесуінде ел намысын қорғап жатқан Айбек Нұғымаров пен Мақсат Исағабылов қарсыластарын таза жеңіспен ұтып, келесі кезеңге өтті.

Екі дүркін "Қазақстан барысы" Айбек Нұғымаров алғашқы белдесуінде словениялық балуаннан оп-оңай айласын асырып кетті. Ал "Сыр барысы" Мақсат Исағабылов эстониялық балуаннан басым түсті.

Айта кетейік, "Әлем барысы" чемпионатының биылғы жүлде қоры – 20 миллион теңге. Жеңімпазға 10 млн теңге және алтын белбеу, екінші орынға 6 млн теңге мен күміс белбеу және үшінші орынға 3 млн теңге мен қола белбеу табыс етіледі.