11 жылдан соң: Қазақстандық спортшылар олимпиаданың алтын және күміс медалімен марапатталды

01 декабря, 12:09
0 1

30 қараша күні, Нұр-Сұлтан қаласындағы салтанатты рәсімде екі қазақстандық спортшы 2008 жылғы Пекиндегі жазғы Олимпиада ойындарының медаліне ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі Қазақстанның ұлттық олимпиада комитетінің сайтына сілтеп хабарлайды.
Олимпиаданың қайта қаралған нәтижелеріне сәйкес Пекинде екі спорт түрі бойынша Қазақстанның жүлде қорында өзгерістер бар.

Қазақстандық зілтемірші Алла Важенина 75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ауыр атлетикадан алтын медальға ие болды.

Ольга Рыпакова туған күнінде ресми түрде 2008 жылғы Олимпиаданың күміс медалін алды. Осылайша, спортшы Лондон Олимпиадасының алтынын, Пекиндегі ойындардың күмісін және 2016 жылы Рио - де-Жанейродағы Олимпиада ойындарының қола медалін жеңіп алды.