Қазақстандық футболшы үйлену тойын Балиде жасады (фото)

01 декабря, 10:49
0 1

Қазақстан құрмасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Альмир Мухутдинов үйлену тойын Индонезияның Бали аралында атап өтті деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Vesti.kz-ке сілтеме жасап.
Ғашықтардың неке қию рәсімі аралдың туристік ауданындағы Нуса-Дуа жағажайында өткен.

Отандық футболшының таңдауы Анастасия есімді аруға түскен. Ол Мәскеуде тұрады және тіс дәрігері болып жұмыс істейді.

Бүгінде "Жетісудың" намысын қорғап жүрген Альмир сүйіктісіне өткен жылдың соңында Ресей астанасында тұрмысқа шығуға ұсыныс жасаған.

Романтикаға толы Балиде өткен тойға Мухутдиновпен бір командада ойнайтын әріптестері мен қазақстандық қақпашы Алмат Бекбаев пен Армения құрамасының жартылай қорғаушысы Камо Оганесян барған.