«Жалынып сұраймын, жөндеп ойнаңдаршы»: Баланың «Астана» футболшыларына айтқаны жұртты күлдірді (видео)

01 декабря, 10:38
0 1

Қазақстандық оқушы "Астана" футболшыларына арнап видео түсіріпті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жас жанкүйер "Астананың" "Манчестер Юнайтедқа" қарсы ойын барысында қазақстандық құрамадан олардың мықты ойнауын сұрап видеоүндеу жариялапты. Бұл видео Instagram желісінде тарап кетіпті.

"Манчестер Юнайтед" бірінші голын соққан соң оқушы бала видео түсіруге бел буған.

"Жігіттер неге жаман ойнап жатырсыңдар? Жақсылап тырысыңыздаршы, өтінемін. Мен сіздірге 3 жасымнан бері жанкүйер болып жүрмін. Жақсы ойнауды үйреніңіздерші деп жалбарынамын", -деді футбол сүйгіш бала.