Бокстан әлем чемпионының үстінен қылмыстық іс қозғалды

07 ноября, 11:12
0 1

Егер бұрынғы спортшы, қазіргі саясаткердің кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін

Украинаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы Киев мэрі Виталий Кличко мемлекетке опасыздық жасады деген күдікке ілінгенін айтты, деп хабарлайды SputnikLive Telegram каналы.

"Егер саясаткердің кінәсі дәлелденсе, 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін", деп жазады канал.
Виталий Кличко туралы не білеміз?
Виталий Кличко – Украинаның мемлекеттік қайраткері, саясаткер. Бұрынғы кәсіби боксшы. 1971 жылы 19 шілдеде дүниеге келген. 2014 жылдың 5 маусымында Киев мэрі болды.

2019 жылдың 24 шілдесінде Украина президенті Владимир Зеленскийдің кеңсесі Кличконың қызметінен кетуіне қол жеткізді. 2019 жылдың 4 қыркүйегінде үкімет Кличконың Киев әкімшілігінің басшы қызметінен кету туралы өтінішін қанағаттандырды.