Макгрегордың келесі қарсыласы белгілі болды

06 ноября, 18:25
0 1

Ирландиялық жұлдыз Конор Макгрегордың менеджері Адди Аттар келесі жекпе-жегі қай күні өтетінін және қарсыласының аты-жөнін мәлімдеді деп хабарлайды Газета.ru-ға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Менеджердің айтуынша, аралас жекпе-жекке қайта оралған Макгрегордың келесі қарсыласы – 31 жастағы Дональд Серроне, лақап аты – "ковбой".

Айтулы жекпе-жек 2020 жылғы 18 қаңтарда АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтеді.

Бұл кездесу негізі жазда өтуі тиіс еді, бірақ оған ирландиялық спортшының қолын жарақаттап алуы кедергі болған.

Еске сала кетейік, бұған дейін Конор Макгрегор Мәскеуде өткен баспасөз мәслихатында аралас жекпе-жекке қайта оралатынын мәлімдеген.

Ол сондай-ақ ресейлік Хабиб Нурмагамедовпен реванш өткізу мүмкіндігін де атап өткен еді.