WBO экс-чемпионы қаза тапқан сұмдық жол апатының видеосы желіге тарады

05 ноября, 10:24
0 1

Аргентинада бұрынғы WBO чемпионы жан түршігерлік жол апатынан қаза тапты. Оның видеосын жергілікті SMNoticias басылымы YouTube арнасында жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Буэнос-Айрес маңындағы Тигре қаласында WBO Latino тұжырымы бойынша Латын Америкасының бұрынғы чемпионы Леонардо Гонсалес жол апатына ұшырады. Супер ауыр салмақ санатында өнер көрсеткен боксшы 44 жаста еді. Спортшы автомобильдің жолаушы орындығында отырған. Жүргізуші көлікті тізгіндей алмай, қиылыстың шетінде тұрған бағанаға соғылған. Гонсалес тіл тартпай кеткен, ал жүргізуші хал үстінде ауруханаға жеткізілді. Леонардо Гонсалес 1995-2013 жылдар аралығында 20 жекпе-жек өткізіп, 13 қарсыласын нокаутпен жеңген.